ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ
24.2K subscribers
1.35K photos
103 videos
5 files
573 links
Актуальные новости судебной системы

Сайт:
http://sud.gov.kz/

Instagram:
https://instagram.com/jogargy_sot?igshid=5h43qpapvrq3

YouTube:
https://www.youtube.com/user/SupcourtRK
Download Telegram
Қ.Бишімбаевтың ісі бойынша: сот жарыссөзі

◾️ Қ.Бишімбаев пен Б.Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтті.

◾️ Бүгін сот жарыссөзінде сотталушылар сөз сөйледі, содан кейін тараптардың ескертулері тыңдалды.

◾️ Одан әрі сот алқабилердiң қатысуынсыз жарыссөздің екінші бөлігіне көшті (ҚПК-нің 651-бабына сәйкес алқабилер қатысатын сотта тараптардың жарыссөзi екi бөлiктен тұрады).

◾️ Жарыссөздiң екiншi бөлiгiнде тараптар сотталушылардың әрекеттерiн саралау, жаза тағайындау, азаматтық талап қою мәселелерi бойынша ұстанымдарын баяндады.

◾️ Сотталушылардың соңғы сөзі а.ж. 6 мамырда, сағат 10:00-де өтеді.

https://t.me/Jogargy_sot
Суд по делу К.Бишимбаева: прения

◾️ Состоялось очередное судебное заседание по уголовному делу в отношении К.Бишимбаева и Б.Байжанова.

◾️ Сегодня на судебных прениях выступили подсудимые, после чего были заслушаны реплики сторон.

◾️ Далее суд перешел ко второй части прений, без участия присяжных заседателей (согласно ст. 651 УПК прения сторон в суде с участием присяжных заседателей состоят из двух частей).

◾️ Во второй части прений сторонами изложены позиций по вопросам квалификации действий подсудимых, назначения наказания и гражданского иска.

◾️ Последнее слово подсудимых состоится 6 мая т.г. в 10:00 часов.

https://t.me/Jogargy_sot
БАСПАСӨЗ-АНОНСЫ

🔴 Қ.Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша келесі сот отырысы БҮГІН, 2024 жылы 6 мамырда сағат 10:00-де өтеді.

🔴 Сот отырысының онлайн трансляциясын Жоғарғы Соттың YouTube-каналынан мына сілтеме бойынша көре аласыздар: https://youtube.com/live/_-oC6b8obJQ?feature=share

📌 Жоғарғы Соттың Telegram-арнасына https://t.me/Jogargy_sot жазылыңыздар және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттардағы хабарламаларды қарап отырыңыздар.

***
ПРЕСС-АНОНС

🔴 Следующее судебное заседание по уголовному делу в отношении К.Бишимбаева состоится СЕГОДНЯ, 6 мая 2024 года в 10:00 часов.

🔴 Онлайн-трансляцию судебного заседания Вы можете посмотреть на YouTube-канале Верховного Суда по данной ссылке: https://youtube.com/live/_-oC6b8obJQ?feature=share

📌 Подписывайтесь на Telegram-канал Верховного Суда https://t.me/Jogargy_sot и следите за сообщениями на официальных аккаунтах ВС в социальных сетях.
Қ.Бишімбаев пен Б.Байжановтың ісі бойынша сот
 
◾️ Бүгін сот отырысында сотталушылар Қ.Бишімбаев пен Б.Байжанов соңғы сөздерін сөйледі.

◾️ Cот отырысы а.ж. 10 мамырға, сағат 10:00-ге шегерілді.

◾️ Келесі сот отырысында алқабилердің қатысуымен соттың шешуіне жататын сұрақтарды талқылау және тұжырымдау өтеді.

◾️ ҚПК-нің 653-бабының 1-бөлігіне сәйкес сұрақтарды талқылау және тұжырымдау уақытында алқабилер сот отырысы залынан шығып кетедi.

https://t.me/Jogargy_sot
Суд по делу К.Бишимбаева и Б.Байжанова
 
◾️ Сегодня на судебном заседании с последним словом выступили подсудимые К.Бишимбаев и Б.Байжанов.

◾️ Судебное заседание отложено на 10:00 часов 10 мая т.г.

◾️ На следующем заседании пройдет обсуждение и формулирование вопросов, подлежащих разрешению судом с участием присяжных заседателей.

◾️ В соответствии с ч. 1 ст. 653 УПК на время обсуждения и формулирования вопросов присяжные заседатели удаляются из зала судебного заседания.

https://t.me/Jogargy_sot
Жоғарғы Сот Төрағасы А.Мерғалиевтің Отан қорғаушы және Жеңіс күнімен құттықтауы
 
Құрметті оқырмандар!
 
Отан қорғаушы және Жеңіс күні мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын!

Осы мереке күндерінде біз майдангер-жауынгерлерге, тыл еңбеккерлеріне және бүгінде еліміздің қауіпсіздігін күзетіп тұрған азаматтарға құрмет көрсетеміз.

Адамзат тарихындағы ең қанды соғыста азаттық пен бостандықты қорғап қалған әкелеріміз бен аталарымыздың қаhармандық ерліктерін еске алу – әрқайсымыздың қасиетті борышымыз.

Қазіргі уақытта әскери қызметкерлер еліміздің бейбіт өмірі мен тыныштығын қорғай отырып, аға буын Отан қорғаушылардың даңқты жолын жалғастыруда.

Аспанымыз ашық болып, әр шаңырақта береке мен бақыт орнасын! Қазақстан халқына достық пен келісім тілеймін!
Поздравление Председателя Верховного Суда А.Мергалиева с Днем защитников Отечества и Днем Победы
 
Уважаемые читатели!
 
Примите искренние поздравления с Днем защитника Отечества и Днем Победы!

В эти праздничные дни мы чествуем воинов-фронтовиков, тружеников тыла и тех, кто сегодня стоит на страже безопасности нашей страны.

Священный долг каждого – помнить героические подвиги наших отцов и дедов, отстоявших свободу в самой кровопролитной войне в истории человечества.

Современные военнослужащие продолжают славный путь старшего поколения защитников Отечества, охраняя мир и спокойствие нашей Родины.

Пусть будет мирное небо над головой, а в ваших домах царит благополучие и счастье!Процветания, дружбы и согласия народу Казахстана!
Сот әкімшілігінің басшысы Н.Ахметзакировтің
Отан қорғаушы және Жеңіс күнімен құттықтауы
 
Құрметті оқырмандар!
 
Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушы және 9 мамыр – Жеңіс күні  мерекелерімен құттықтаймын!

Жеңіс күнінің куәгерлері бүгінде өте аз қалды.

Бірақ барша қазақстандықтардың – Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылардың қаhармандығы мен ерлігін мақтан тұтатын және үлгі ететін олардың ұрпақтары - бізде аз емес!

Ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің жанқиярлық, патриоттық және Отанға деген риясыз сүйіспеншілігі біздерге, балаларымыз бен немерелерімізге әрқашан жарқын үлгі болып қала бермек.

Осы мамыр күндерінде Отан қорғаушы күні де зор символдық мәнге ие. 

Ұрпақтар сабақтастығы мен әскери дәстүр жалғастығының көрсеткіші ретінде Қазақстанның Қарулы Күштері еліміз бен оның азаматтарын қорғау жөніндегі барлық міндеттерді орындауға жоғары дайындық деңгейін көрсетуде.

Мереке қарсаңында баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, ең бастысы, елімізге бейбіт өмір тілеймін!
Поздравление Руководителя Судебной администрации Н.Ахметзакирова с Днем защитников Отечества и Днем Победы
 
Уважаемые читатели!
 
Поздравляю вас с 7 мая – Днем защитников Отечества и 9 мая – Днем Победы!

Свидетелей Дня Победы уже осталось единицы.

Но гордости и восхищения героизму и подвигу всех казахстанцев – участников Второй мировой войны, у нас – их потомков, не будет меньше!

Самоотверженность, патриотизм и беззаветная любовь к Родине ветеранов и тружеников тыла будут всегда яркими примерами нам, нашим детям и внукам.
Глубоко символичен в эти майские дни и праздник День защитника Отечества.

Как показатель преемственности поколений и продолжения боевых традиций, вооруженные силы Казахстана демонстрируют высокий уровень готовности выполнить все задачи по защите страны и ее граждан.  

В преддверии праздников желаю всем благополучия, крепкого здоровья, достатка, и, самое главное, мирного неба над головой!